Қоғамдық тамақтану орындары мен қонақ үйлері қожайындары темекі шегуге арналған орындарға тыйым салынуына наразы

tom: 0.0001pt; text-align: left;»>        ҚазАқпарат — Қазақстанның қоғамдық тамақтану орындары мен қонақ үйлері қожайындары темекі шегуге арналған орындарға тыйым салынуына наразы. Бұл туралы бүгін «HoReCa Қазақстан» ұлттық қауымдастығының президенті Игорь Копайлов мәлім етті. 

        Оның атап өтуінше, қазіргі таңда Мәжіліс депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске енгізілетін өзгертулерді талқылауда. Онда көпшілік жиналатын жерлерде шылым тартуға арналған арнайы орындарға тыйым салу туралы талап бар. Бұл талап кодекске енгізілген жағдайда қоғамдық тамақтану орындары мен қонақ үйлердің табысы азайып, жұмыс орындарының қысқарылуы мүмкін.
«Заң шығарушылар заң бұзушылықтардың көбеюіне саналы түрде негіз қалап отыр. Мейрамхана, дәмханалар мен қонақ үйлердегі темекі шегуге арналған орындарды алып тастауға мәжбүрлеген жағдайда күн сайын тыйым салынған жерлерде 30 млн-ға жуық темекі заңсыз шегіледі», — деді ол.
        И.Копайловтың сөзіне қарағанда, темекі шегуге арналған орындарға тыйым салу тәжірибесі батыстың бірқатар елдерінде қолданылып, бірақ тиісті нәтиже бермеген. Бұған қоса, мейрамханаларға келушілердің саны 30 пайызға қысқарған.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика