• Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысушыларды қабылдады

tories/0344203001368023918.jpg» width=»250″ height=»166″ alt=»0344203001368023918″ style=»float: right;» />

  • Осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан оңтүстікқазақстандық спортшылар мен олардың жаттықтырушысын қабылдады. Әлемдік додада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз Жанбота Алдабергенова 6-орынды иеленсе, Жібек Арапбаева мен Бағлан Инкарбек үздік 20 спортшының қатарынан көрінді. Дарынды спортшылардың жаттықтырушысы – Мұрат Аблятифов. Аймақ басшысы Сочиде өткен Олимпиада ойындары Қазақстанда спорттың қысқы түрлері де өркендеп келе жатқанын дәлелдеді дей келе, әлемдік доданың қорытындысы тек медалмен ғана өлшенбейтінін жеткізді. «Ел намысын қорғауда әрбір спортшымыз бар ынта-жігерін, күш-қайратын жұмсады, жақсы нәтижелер көрсетіп, әлемде Қазақстан атты елдің барын тағы бір дәлелдеді. Барша қазақстандықтарға Отанға деген мақтаныш сезімін сыйлағандарыңыз үшін Оңтүстік Қазақстан жұртшылығы атынан Сіздерге алғыс білдіремін»,-деді Асқар Исабекұлы спортшылармен кездесу барысында. Облыс әкімі атап өткендей, қысқы спорт түрлерін дамыту бағытында биылғы жылы Қасқасу шатқалында шаңғы базасының құрылысы басталды, алдағы уақытта Шымкенттегі Мұз сарайын спорттың фристайл түріне бейімдеу, Бадам су қоймасында секіру трамплинін жасақтау мәселелері қаралмақ.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика