2024-09-23

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТІ ЖЫЛ САЙЫН ӨСІП КЕЛЕДІ

Еңбекші ауданында 313 200-ден астам халық тұрады. Аудан бюджеті 2017 жылдан бері 11 есеге ұлғайып, 17,5 млрд теңгеден 78,5 млрд теңгеге өскен.  Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кезекті есепті кездесуі кезінде мәлімдеді.
Негізгі қаржы көзі — ауыл шаруашылығы мен орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері боп табылады.
Қазіргі таңда ауданда 3 өндірістік аймақ жұмыс істейді. Атап айтқанда, “Оңтүстік”, “Ордабасы” индустриалды және “Оңтүстік” экономикалық аймақтары бар. Ал жаңадан салынып жатқан “Жұлдыз” экономикалық аймағына инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң бұл жерден 60 ірі заманауи кәсіпорын ашу жоспарланғанын жеткізді. “Осының нәтижесінде 100 млрд теңге инвестиция тартылып, 3000 жұмыс орны ашылатын болады”-деді Д. Есілбек.
9 айда тек Еңбекші ауданы тұрғындарымен 74 кездесу өтті. Бұл кездесулер барысында 308 өзекті мәселе көтеріліп, қазіргі таңда оның 131-і шешімін тапты. Ал, 145-і осы жыл соңына дейін шешімін тапса, 32-сі алдағы екі жылдық жоспарға енді.
аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.
Айтып өтейік, жиынға халықпен қоса қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу әдеттегідей Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында да тікелей эфирде көрсетілді.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика