2024-07-27

Көліктерді шекара асыратындар азаймай отыр.

alttories/381b28a35fe3874d33da9583ead.jpg» width=»276″ height=»179″ />Әр түрлі айла тәсілдермен Кеден Одағы елдері аумағынан қымбат көліктерді шекара асыратын алаяқтар азаймай отыр. Бұл орайда Оңтүстік Қазақстан Кедендік бақылау департаменті Ресей елінен тиесілі, халықаралық іздеуде жүрген екі LAND CRUZER автокөлігінің жолын кесті.  Оңай жолмен олжаға кенелгісі келген шетел азаматтары, атынан ауып елдеріне қайтты. Кеден Одағы елдерінің шекарасын Кеңес Одағы деп түсінген болар, құжаты шикі қос көлікті Өзбекстан арқылы Тәжік еліне алып өтпек болыпты.  Украйн,  Беларус елдеріне тиесілі номерлерді таңбалаған бұл көліктер тиісті жеріне жетпей сүрінді. 

  ЖАСҰЛАН АСЫЛБЕКОВ-ОҚО КЕДЕН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

-Бұл көліктерді яғни біз қазір Ішкі істер министірлігіне қарасты интерпол орталық бюросына хабарладық. Өз кезегінде ол Ресей мемлекетінің Ішкі істер органдарына хабарлаған. Сол органдар көліктің егелеріне хабарлайды. Аталған көліктер иелері арыз жазу арқылы, өздері көліктерін алуға болады.

 Айламды асырып кетем деп ойласа керек, Украйн, Беларус азаматтары мына құны 85 мың АҚШ доллары тұратын екі темір тұлпарды Қонысбаев кеден бекеті арқылы алып өтпек болған. Алайда, екі шоқып, бір қараған кеденшілер көлік құжаттарынан  кемшіліктер анықтапты.

Сурет: auto.kz

Н. Әлімбаев

«Қызмет» ақпарат

Яндекс.Метрика