2024-07-27

«Менің Қазақстаным» фестивалі өтті

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Менің Қазақстаным» фестивалі өтті

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>tories/20150828_115300.jpg» width=»800″ height=»450″ alt=»20150828_115300″ style=»vertical-align: middle;» /> 

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 15.75pt;»>Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімі, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай түрлі этнос өкілдерінің арасында «Менің Қазақстаным» фестивалі өтті.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 15.75pt;»>Фестивалдің негізгі мақсаты — облыс тұрғындары  арасында халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді насихаттау, түрлі этнос өкілдері жастарына мемлекеттік тілді насихаттау және оларды патриотизмге тәрбиелеу, этносаралық қатынас пен келісімді нығайту.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 15.75pt;»>

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 15.75pt;»>Фестивальге барлығы 25 үміткер қатысты. Ереже бойынша байқауға кәсіби орындаушылар емес,  әуесқой орындаушылар қатысып, жанды дауыста  өнер көрсетті. Қазылар алқасының  шешімімен  бірінші орынды  «Ұлттық ән» номинациясы бойынша өзбек этномәдени бірлестігінен қатысушы Махкамов Аброр және «Ұлттық би»  номинациясы бойынша түрік этномәдени бірлестігінің би тобы жеңіп алды. Екінші орынды  «Әжелер» ансамблі мен жеке орындаушы Жақсыбай Оңалбекұлы алса,  үшінші орынды поляк этномәдени бірлестігінен Пампуров Владислав пен  ардагерлер хоры иеленді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 15.75pt;»>Фестивальдің қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Байқонақов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапаттап,  бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: 15.75pt;»>Жалпы, іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді.

 

ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ- нің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика