ШЫМКЕНТ МАҢЫНАН КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты. Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысы әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр.

50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдері тұрады екен. Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады. Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электр энергиясын өндіруді 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жоспар бойынша күн электр станиясының құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов станция жұмысына жергілікті кадрларды тартып, отандық өнімдерді пайдалану қажеттігін айтты.

Айта кетейік, «Хевел» компаниялар тобы 2009 жылы құрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі интеграцияланған компания болып табылады. Еліміздегі жобаны іске асыру құқығы берілген «Hevel Kazakhstan (Хевел Казахстан)» ЖШС-і осы «Хевел» МК еншілес компаниясы.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика