
Шымкент қаласының Қаратау ауданында қос бірдей индустриалды аймақтың құрылысы қызу жүргізілуде. Аталған аймақтарда 35 жоба жүзеге асырылып, 2000-ға жуық жұмыс орны ашылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Р.Мулкеманов шаһар басшысы М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді. «Қазіргі кезде “Тассай” индустриалды аймағының аумағы 100% қамтылған. Осы кезге дейін 20 жобаны іске қосып, нәтижесінде 1500 адамды жұмысқа орналастырдық. Жыл соңына дейін тағы 8 нысанды іске қоссақ, 885 жұмыс орны ашылады»-деді Р.Мулкеманов.
Бұдан бөлек аудан әкімінің айтуынша, “Бозарық” тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағынан 21 тамақ өнеркәсібі, ал “агроиндустриалдық” аймақтан 14 өндірістік жылыжай кешенін ашу жоспарланған. Қазіргі таңда инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.

Мысалы, биыл денсаулық саласы 100% компьютерлік техникамен қамтылды. Қазіргі таңда қалада 44 емхана, 4 көпсалалы аурухана, 22 компьютерлік томография, 14 магниттік резонанс томографиясы бар.
“Матриалдық-техникалық базаны жаңғырту бойынша биыл жоспарды 79,2%-ға орындадық. Алдағы уақытта 6 емхана мен ПЭТ/КТ сәулелі терапия, 800 орындық университет клиника салуды көздесек, бұған қоса 200 орындық периниталдық орталық ашуды да жоспарлаудамыз”,-деді шаһар басшысы.

Бұдан соң тұрғындармен ашық диалог форматында сұрақтарға жауап берілді.
Айтып өтейік, қала әкімі М.Әйтенов жыл басынан бері мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 127 кездесу өткізді. Көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған.