2024-07-27

Шымкентте арзан әрі сапалы көпқабатты үйлер бой түзейді

       Көп ұзамай Шымкент қаласыtories/dsc08988.jpg» width=»335″ height=»199″ /> бірнеше әкімшілік іскерлік, мәдени орталықтарымен қатар көпқабатты тұрғын үйлермен ажарлана түспек. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі Бақытжан Әшірбаев мәлімдеді.  Бас сәулетші айтқандай жалпы аумағы 117 мың шаршы мерт аумақты құрайтын мұндай құрылыс жұмыстары біздің облысымызда бұрын- соңды болмаған екен. Ауқымды  құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне Елбасының «агломерация» жөніндегі қабылдаған қаулысы түрткі болған. Аталған қаулыда Астана, Алматы, Шымкент қалаларының инфрақұрылымын дамыту көзделген. Осы құжатқа орай Шымқалада 40 мың шаршы жасыл желек пен 17 мың жаңа құрылыс жұмыстары қолға алынбақшы.  Атап айтар болсақ, облыс әкімінің 16 қабатты жаңа ғимараты,облыстық драматеатр, химия биология пәнін тереңдете оқытатын интеллектуалды мектеп тағы да басқа әлеуметтік нысандар . Бұл ғимараттар «Нұрсәт» мөлтек ауданы аумағында бой түзейді.
      Нақты жұмысқа  келсек. Әшірбаев мәлімдегендей бүгінгі таңда 5 нысанның       қазығы қағылып, құрылыс жұмыстары басталған. Бас аяғы үш кезеңге бөліп жүргізілетін құрылыс жұмыстары ары кетсе 3-4 жылда толығымен аяқталады. Жоспар толық жүзеге асқан күнде Шымкенттің 70 пайызын көп қабатты зәулім үйлер құрайтын болады.   Айтпақшы, енді тұрғын үйлерді салуда шымкенттік сәулетшілер  немістің жаңа технологиясының мүмкіншілігін пайданаланбақ. Бүгінде құрылысқа қажетті өнімді дайындайтын кәсіпорын салынуда. Бұл технологияның артықшылығы құрылыс жұмыстары небары 5-6 айда аяқталып, сапасы және жылуды сақтауымен ерекшеленетін болады. Сонымен қатар салынған тұрғын үйдің әрбір шаршы метрінің құны 72 мың теңгені құрайды. Қазіргі құнмен салыстырғанда арзан  әрі сапалы.

tom: 10pt;»>Өңірдің сексен жылдығына орай құрылысшылар жасайтын тарту да ерекше болмақ. ОҚО құрылыс басқармасының бастығы Тұманбай Әлиев:

tom: 10pt;»>— Қазір 72 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды, жыл аяғына дейін мұның саны 80-ге жететін болады,- дейді .

tom: 10pt;»>Нұрлан ӘЛІМБАЕВ.

tom: 10pt;»>«ҚЫЗМЕТ АҚПАРАТ»

tom: 10pt;»>{jcomments on}

tom: 10pt;»>

Яндекс.Метрика