2024-07-27

Ясауи мұрасына арналған конференция

  tories/ 3112.jpg» width=»302″ height=»192″ /> Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы ұжымының ұйымдастыруымен 04-06 қазан күндері «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелуі» тақырыбында дәстүрлі IV халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті.
      Конференцияны университет вице-президенті, профессор Қ.Ергөбек құттықтау сөзбен ашты. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұржайының директоры М.Садықбеков «Мәдени ескерткіштер – ел қазынасы» тақырыбында баяндама жасады.
     Пленарлық мәжілісте Абай атындағы ҚазҰПУ Абайтану ғылыми-зерттеу институтының директры, профессор, Мекемтас Мырзахметұлы, АҚШ-тың Индиана университетінің  профессоры Девин Ди Уис «Ахмет Ясауиге қатысты ең алғашқы дерек көздері», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры А.Салқынбай «Шаһкәрім «сыр» сөздеріінің сыры», ХҚТУ профессоры Мұхтар Қожа «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайы және оны күтіп сақтаудың мәселелері», профессор Д.Кенжетай «Түркі-ислам философиясындағы тауил методоның орны» тақырыбында баяндамаларын оқыды.
     Конференция 2 күнге созылды. Төрт секцияда жұмыс істеді, 70-тен астам баяндамалар оқылып, тыңдалды. Өте тартысты, мән-маңызы аса зор тақырыптар талқыланды. Баяндмашылар М.Қожа, Б.Қорғанбек, З.Жандарбек, М.Өмірбековалардың баяндамалары Конференцияға Ясауи ілімі мен мұрасын зерттеуші ғалымдармен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген, (Қырғызстаннан да бар) мұражайтанушы мамандар мен зерттеушілер де қатысып өз ой-пікірлерін ортаға салды. Екі күнге созылған ғылыми басқосу Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде реконструциялық тарихи қойылымының көрсетілімен тәмамдалды. Ғылыми басқосуда бірқатар осы алқалы жиынды ұйымдастырушы,  зерттеуші азаматтарды сөзге тарқанбыз.
 Мәулен Садықбеков «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының директоры:
Бұл конференцияны біз 2007 жылдан бастап өткізіп келеміз Келесі 2008 жылында Қазақ-түрік университетімен бірігіп екі жылда бір дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. «Исауи мұрасы мен ілімі тек ғалымдардың еншсіндегі дүние емес. Ол бәрімізге де ортақ. Ясауи бабамыздың мұрасы мен ілімін кейінгі ұрпаққа жеткізу, жәдігерлікті сақтау баршамызға да парыз. Бұл ретте біздің мұражайдың атқарып отырған жұмыстары біршама. Соның бір парасы осы өткізіліп отырған шара.
Досай Кенжетай, ХҚТУ «Түркология» ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор:
«-Ұлт болып ұйысу үшін екі ұстын керек. Бірі – тіл, екіншісі – дін. Тілдің халі белгілі, дәстүрлі дінімізді сақтап қалуымыз да бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі.Сол себепті Ясауиді тану және таныту, бұл қастерлі міндет ұдайыжүріп отыруы тиіс.Осы мақсатта біз бұл ғылыми жиынды екі жылда бір өткізіп келеміз. Жылдан жылға конференцияның ауқымы, зерттеу ауқымы жүйеленіп, сан жағынан да, сапа жағынан артып келеді »
      Мекемтас Мырзахметұлы, профессор: «Конференция өте жақсы өтті. Ясауитану ғылымының жылдан жылға іргеленіп, өсіп келе жатқаны мені сүйіндірді. Осыдан 21 жыл бұрын осы университет ашылғанда біз «Ясауитану» атты арнайы курс оқуды алғаш қолға алғанбыз.(Ол да бірақ, жетілдірілмеген дүние болатын). Сонда болса студенттерге там-тұмдап Ясауи тұлғасын таныттық. Кейін  Исауи ілімі мен мұрасын зерттейтін Ғылыми зертхана аштық. Бар болғаны: Т.Есембеков, З.Жандарбек үшеуміз. Кейін Орталық аштық, одан Түркология институты құрылды. Міне, осы институт осы жиынды, бұл ғана емес әлем ғалымдарының басын қосатын «Түркология» конгресін ұймдастырып отырады екі жыл сайын. Институттың арнайы ғылыми журналы бар. Қаншама зерттеу еңбектер жарық көруде. Мәселе, осындай еңбектердің (тасқа басылған) артымызда қалдыруда.Жалпы, Ясауи бабамыздың атын иемденген университеттің ұжымына да, мұражай ұжымына да алғыстан басқа айтарымыз жоқ»
     Өз тілшіміз.
Бетті дайындаған:Нұрлан Әлімбаев.
{jcomments on}
Яндекс.Метрика