590 жаңа автобус алынып, онлайн жолақы төлем жүйесі іске қосылады

Қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында биыл кешенді схема әзірленген болатын. Ол схемада электронды белгілерді енгізу, диспетчерлік сөйлемдеу және автобустардың бағыттарын өзгерту жұмыстары қаралған.

Сондай-ақ, автобустық тасымалды дамыту амалы кешенді бағдарламасы аясында қаладағы қоғамдық көлік бағыттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2019 жылы «Шымкент» ӘКК арқылы лизингпен жаңа 300 автобус алынса, биыл бұл бағытта 590 жаңа автобус алынбақ. Олар автогазбен жүреді және сыйымдылығы үлкен болады. Аталған жаңа автобустар келісім шартқа сәйкес қыркүйек-қазан айларында толығымен жеткізілуі тиіс.

Шымкент қаласында қоғамдық көліктердегі төлемдерді электронды билет жүйесіне көшіру жобасы «КазСмартТранс» компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылуда. Электронды көлік картасының құны 500 теңге тұратын болады. Картаның бірнеше түрі болмақ, олар: оқушылар, студенттерге арналған және тегін жүретін карталар. Тегін жүретін карталар «Батыр аналар», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған азаматтарға және 1-ші топтағы мүгедектер, көзі нашар көретін зағип жандарға тегін таратылады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика