«ОРДАБАСЫ» ма, «АРДАБАСЫ» ма?

tories/01/615_3851e6b28fe0d2773b98df689e8b21c9.jpg» width=»384″ height=»265″ />       Биыл құдайға шүкір, облысымыздың бас командасы – «Ордабасы» футбол бәсекесінде жаман өнер көрсетіп жүрген жоқ. Өткен жылы өз тарихында тұңғыш рет ел Кубогын жеңіп алса, көктемде Қазақстан чемпионы Қарағандының «Шахтерін» суперкубок бәсекесінде 1:0 есебімен ұтып өзінен мықты команда мемлекетімізде жоқ екенін дәлелдеп шықты. Бір қуанарлығы, суперкубокты Президентіміз Н. Назарбаевтың өзі тапсыруы үлкен бір мәртебе болды. Міне, сол жетістік күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.

      УЕФА туы астында Еуропа жарыстарына қатысқан жерлестеріміздің алғашқы қадамы сәтті басталды. Олар Сербияның «Ягодина» командасын сырт алаңда бір доп айырмашылығымен ұтып, қарымта кездесуде Алматыда тең түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. Әрине, мұның бәрі жақсы ғой. Дегенмен, «Ел арна» телеарнасынан көрсетілген сол матчта әттеген-ай дегізерлік жағдайлар да болмай қалған жоқ. Ойыңды тікелей жүргізуші коментаторлардың миллиондаған жанкүйерлердің көңілдерінен шығуға тырысқандары анық.

      Әйтседе, орыс тілінде жүргізушінің «Ордабасы» командасын 90 минут бойы «Ардабасы» деп атауы онсыз да алып-ұшып отырған беймаза көңілімізді су сепкендей басып тастағаны жасырын емес. Қазақ үшін мағынасы зор, үш жүздің басын қосқан қасиетті де тарихи Ордабасы атауын «Ардабасы» деп белден басып айтуы меніңше дұрыс емес. Мейлі, ол жүргізуші қазақ емес қой, тілі онша келмей жатқан шығар деп өзімізді жұбатып отырғанда үзіліс болып қандасымыз (ол да спорт хабарын жүргізуші) Асхат Жақаев «Ордабасының» басшыларының бірімен сұхбат өткізді. Ол сұхбаттың да қазақша емес, орысша өткені бүкіл жанкүйерлердің көз алдында. Ол сұхбат барысында Асхт бауырымыз да «Ордабасыны» «Ардабасы» деп қайта-қайта айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды…

     Сонда бұны қалай түсінуге болады? Кез-келген келімсек тілімізді қорлап, қасиетті жердің атауымен аталатын құндылықтарымызды белден баса бермек пе? Бұған қашан тоқтау болады? Жоқ әлде біздің ұлттық намысымыз жоқ па? Менің ойымша, Қазақстанның нанын жеп, суын ішіп жүрген әр пенденің ортақ шаңыраққа ойлана қарап, бір сәт тәубаларына келіп жүргендері де жөн-ау…

Орынтай ӨКСІКБАЙҰЛЫ.

«Қызмет» ақпарат

{jcomments on}

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика