2024-07-27

Демалыста отырған әйелдердің есеп-шотына міндетті зейнетақы жарнасы аударылатын болды

       Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңға қол қойды.
       Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
       Құжат зейнетақымен қамтамасыз ету және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарды жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулер бойынша, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдерге декреттік демалыс кезін-де зейнетақы жарнасы төленетін болды.
       Жоспар бойынша, 10 пайыз жарнаның 4 пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан, қалғаны бюджет есебінен төленбек.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлағандай, «Біздің болжауымызша, мұндай төлемдер жыл сайын 150 мыңнан астам жұмыс істейтін әйелге төленіп оты-руы тиіс. 2014-2016 жылдары республикалық бюджеттен 30,6 млрд теңге, 2014 жылы 8,8 млрд теңге қарастырылған».
       Құжатқа сүйенсек, 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап ауыр жағдайда еңбек ететін азаматтарға міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы аударыла бастауы тиіс.
Яндекс.Метрика