Ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің спортшылары алтыннан алқа тақты

tories/01/rukopashka.jpg» width=»345″ height=»187″ />      Өткен жексенбіде Алматы қаласында қоян-қолтық ұрысынан үшінші әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 4 алтын медаль жеңіп алып, дүниенің 4 бұрышынан жиналған саңлақтардың арасында, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.   

     Ұлттық құраманың бұл жетістігіне ҚР ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алып, үлкен үлесін қосты.

Қазақстан командасының құрамында өнер көрсеткен Павлодар қаласындағы Ішкі әскер институтының аға лейтенанты Айбек Хырыхбай 86 келі салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алса, Өскемен қаласындағы 5518 ішкі әскер бөлімінің әскери қызметкері 65 келі салмақта жекпе-жекке шыққан Талғат Оразғалиев ақтық айқаста қарсыласынан айласын асыра алмай, күміс жүлдені қанағат тұтты.

   Айта кеткіміз келіп отырған мәселе, алпауыт Ресейден келген жекпе-жектің хас шеберлері жеңіп алған күміс жүлделерінің саны кем болып, жалпыкомандалық есепте біздің спортшыларымызға жол берсе, 3-ші орынды иеленген бауырлас Қырғыз елінің жігіттері, қанжығаларын майлап қайтты.

     Бұл дүбірлі додада жоғарыда аты аталған мемлекеттрден басқа, жекпе-жек өнері жақсы дамыған Бразилия, Иран, Өзбекстан, Молдова, Белорусия, Әзірбайжан, сияқты, ұзын-саны 26 елдің саңлақтары бақтарын сынаған болатын.

 «Қызмет-ақпарат

 

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика