ЕРІКТІЛЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Адамдар жиі шоғырланатын жерлерге шыға алмайтын жалғызбасты қарияларға волонтерлар 50 азық-түлік себеттерін тарқатты. Еріктілер «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында, тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін қарияларға үлестірді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін «Арбат алаңы» мен «Орталық саябақта» еріктілер 1000-ға жуық азаматқа коронавирустан сақтану ережелері туралы ақпараттық парақшалар таратты. Волонтерлар дәріханаларда сұраныстың артуына байланысты тапшы кездесетін 1000 дана медициналық маскаларды таратуды да ұмытпады.

Еске саламыз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі «өте жоғары» екені жөнінде дабыл қағып, барлық ортада қауіпсіздік ережелері қатаңдатылуда.

Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика