ТҰРҒЫНДАР КОРОНАВИРУС БОЙЫНША ХАБАРЛАСА АЛАДЫ

Еліміздің ірі қалалалры мен өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы жөнінде хабарласуға болатын байланыс нөмірлерінің тізімі ұсынылды. Республика бойынша вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу үшін 1406 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады.

1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өткен. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласқан жөн.

Сондай-ақ, қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын Qoldau 24/7 мобильді қосымша арқылы жолдай алады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде төтенше жағдайда жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды.

Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика