ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ҮШІН 11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛУДА

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Досан Әлібеков мәлімдеді.

– Осы жылдың оқу маусымында балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында қала аумағы бойынша 11 базалық станция орнату орындары айқындалып, бүгінде тиісті жер телімдерінің координаталары белгіленді және мемлекеттік актілері рәсімделді. Яғни, келесі аптаның соңына дейін нысанның жұмысы толық іске қосылады. Сонымен қатар, қосымша 43 орын бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған қосымша нысандарға қыркүйек-қазан айларында базалық станциялар орнатылады немесе белгіленген тәртіптердегі модернизациялау жұмыстары жүргізіледі, – деді Д.Әлібеков.

Досан Биназарұлының сөзіне сүйенсек, Шымкент қаласы сапалы интернет жүйесімен 80 пайызға қамтылған. Ал орнатылып жатқан базалық станциялардың жұмысы аяқталған сәтте бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді. Нәтижесінде, қала аумағына қосылған елдімекендердегі интернет желісінің мәселесі толық шешіледі.

Айта кетейік, қалада AR-shymkent, 2-ГИС және TrueConf жобалары іске асуда.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика