2024-09-20

ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРҒАН МЕМОРАНДУМ

Туристік әлеуетті арттыру мақсатында Шымкент қалалық әкімдігінде 16 қазан күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» мен «2GIS-Shymkent» ЖШС  ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Тарихи санаға қозғау салып, оны жаңғырту мақсатында  қолға алынған бұл келісімнің  көпшілік көңілінен шығарына сенімдіміз. Себебі: әр өңірдегі мәдени-тарихи ескерткіштер мен орындарды халыққа оңтайлы таныстыру, сонымен қатар, 2ГИС арқылы сол орындарды оңай тауып барудың жолын жеңілдетуді көздеп отыр.

       Жергілікті жердегі 2ГИС басшыларымен келісімге келген «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Боқанова Жанар Қалиханқызы өз сөзінде былай деді: «Бұл жоба шеңберінде ғылыми зерттеу ұйымдастырылып, Қазақстанның киелі жерлерінің тізімі жасалды. Қазіргі уақытта бұл тізімге 200-ден аса нысан, ал өңірлерде 600 объект  тіркелді.  Сонымен қатар, «Қазақстанның сокралды объектілері» атты 2 кітап жарыққа шықты. Күлтегін мен Баян ауыл, Көкшетау сынды киноларымыз дайындалды. Бұл нысандар танымал болу үшін 2GIS компаниясымен жұмыс атқарамыз. Негізгі мақсатымыз ішкі туризмді дамыту».

     «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Омаров Нұржан Әшірбайұлы: «Барлық қала тұрғындары мен қонақтарына киелі жерлерді оңай аралауға мүмкіндік туғызып отқанымызға қуаныштымын. Рухани жаңғыру орталығымен бірлесе жұмыс жасап, жеңіл әрі тиімді жобамызды жүзеге асырамыз»-деді.

      Киелі тарихи орындарды нақтылау Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жоспарын іске асырып, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын ауқымды жүйелендіріп, 700-ге жуық объектіні қамтитын  Қазақстанның сакралдық орындарының тізімі қалыптасты. Ұлттық маңызға ие нысандар қатарындағы Абдель-Азиз баб кесенесі,  Ибрагим ата кесенесі, Қожа Талих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы мен Сайрам қалашығы археологиялық ескерткіштер қатарына енген.

      Арнайы жоба шеңберінде  республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, QR-кодтар орналастыру жұмыстары қолға алынды.

А.Ергеш

Яндекс.Метрика