2024-07-27

Сәпиев турнирі басталды

tom: 3.75pt; background: white;» class=»MsoNormal»>tories/01/imagescaj83uuc.jpg» />

tom: 11.25pt; background: white;» class=»MsoNormal»>  Халықаралық турнирге қатысуға кел­ген қонақтардың арасында Әзірбайжан мен Өзбекстанның жас былғары қолғап ше­берлері бар. Алғаш ұйымдастырылып отыр­ған турнирде 14 өңірдің боксшылары қолғап түйістіреді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»>Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жүлдесі жолындағы жаңа турнир жалауын көтерді.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal»> Кеншілер қаласында 1997-1998 жы­л­дары туған жасөспірімдер арасында тұң­ғыш рет ұйымдастырылып отырған ашық бі­ріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұның тұңғыш болатын өзіндік себебі де бар. Өйткені бұл біріншілік ХХХ жазғы Олим­пиа­да чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт ше­бері Серік Сәпиевтің құрметіне арналып отыр. Жет­кін­шектер Сәпиевтің жүлдесі үшін сынға түседі. Халықаралық турнирге қатысуға кел­ген қонақтардың арасында Әзірбайжан мен Өзбекстанның жас былғары қолғап ше­берлері бар. Алғаш ұйымдастырылып отыр­ған турнирде 14 өңірдің боксшылары қолғап түйістіреді. Ұйымдастырушы – Қарағанды облы­сы­ның әкімдігі мен облыстық бокс феде­ра­циясы.Бұл турнир 11 салмақ дәрежесі бойын­ша өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, Сәпиев турнирі бес күнге созылады. Со­нымен қатар дәстүрге айналдыру да жос­парларында бар. Тың бастама аймақ­та­ғы бокстың дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Айтпақшы, Сәпиев турнирінің жабылу салтанатына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов қатысуы керек.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды,

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>«Қызмет» ақпарат,

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>Сурет: alasharena.kz сайтынан алынды.

tom: 0pt; background: white;» class=»MsoNormal» align=»right»>{jcomments on}

Яндекс.Метрика