2024-07-27

Нашар ЖОО-лар саусақпен көрсетілді

       Білім және ғылым Министрлігі лицензиясы уақытша тоқтатылған және студенттері тест кезінде білім минимумын көрсете алмаған оқу орындарын атады.
       Жекеменшік ЖОО-лардың 5 332 студенті (35%) тесттен өте алмады. Келесідей жекеменшік ЖОО-лар кәдімгідей нашар нәтиже көрсеткен:
· «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты; тесттен өте алғандардың үлесі – 11% ғана;
· Қазақ инженерлік, қаржылық-банк Академиясы; тек 19% студенті тесттен өте алған;
· Еуразия Нарық Институты – Экономика және басқару Академиясы – 21%;
· О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті – 27%.
Жалпы алғанда, жекеменшік ЖОО-лардың студенттері 218 мамандық бойынша білімін көрсете алмаған. Бұған қоса, көптеген мамандықтар бойынша жекеменшік ЖОО-лар аттестациядан өтпеген. Айталық, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті – 23 мамандықтың 17-сі бойынша; О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – 30 мамандықтың 28-і бойынша; Еуразия Нарық Институты – Экономика және басқару Академиясы – 7 мамандықтың 6-сы бойынша аттестациядан өте алмаған.
       Министрлік сонымен бірге, 2013 жылы сот шешімімен жаптырылған ЖОО-ларды да атады. Олар: Шығыс Қазақстан Аймақтық Университеті, “Қайнар” Университеті (Семей қ.), Халықаралық бизнес-академия (Қарағанды қ.).
       Бұдан басқа, жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, «Болашақ» университеті (Қызылорда қ.), «Қайнар» универститеті (Алматы қ.) сияқты ЖОО-лардың үстінен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілген.
       “Айталық, сот шешімімен лицензиясынан айрылған Халықаралық бизнес-академиясында норма 700 адам бола тұра небәрі 467 студент болған” – делінген министрліктің хабарламасында.
       Білім-ғылым Министрлігі сонымен бірге, жалғыз оқу корпусы – бұрынғы көне жатақханаларда орналасқан ЖОО-ларды да атап өтті. Ондайлардың қатарында Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университеті, «Қайнар» университеті (Алматы қ.), Тараз техникалық институты (Тараз қ.) аталған.
Айнаline.kz
Яндекс.Метрика