2024-07-27

Қолжетімді үй, қайдасың?

       Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан Асқаровпен сұхбат
       Жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске асыруға кірісті.
       Өткен жылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында және Алматы облысында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру шарты жасалды.
       2013 жылы Ақтөбе және Тараз қалаларында екі тұрғын үй нысаны пайдалануға берілді, олардың жалпы тұрғын ауданы 32,5 мың ш.м., соның ішінде Жылжымайтын мүлік қоры пәтерлерінің ауданы 24 мың ш.м.
       Халықтың барлық санатының көңілінен шығатын бағдарлама жасау мүмкін емес. Себебі адамдардың табыс деңгейі әртүрлі. Үкімет белгілеген талаптарды ескере отырып, Жылжымайтын мүлік қоры жайлылығы 3-класқа сай тұрғын үйлер салуда.
       Тұрғын үйлер – жайлы, іші әрленген. Адамдар пәтерді жөндемей-ақ, онда тұра беретін болады. Яғни, жөндеуге қаржы шығындамайсыз. Егер құрылыс салушы талаптарды орындамаса, нысандар қабылданбайды.
       Қолжетімді баспана – арзан пәтерлер емес. Бұл – баспананы қолайлы жағдайда сатып алу жолы.
       Баға қалыптастырудың негізгі қағидаттары Үкімет қаулысымен айқындалған. Теңге бағамының АҚШ долларына қатысты өзгеруі әлбетте импорттық құрылыс материалдары бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бұл құрылыстың түпкілікті бағасына әсер етпей қоймайды.
Баспана құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен реттеледі. Тікелей сату құны бірінші жылы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және қала маңы аймақтарында 1 шаршы метрі – 180 000 теңге. Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінде – 144 мың теңге. 
       15 жыл мерзімге жалдау кезінде Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және осы қалалар маңындағы аумақтарда 1 шаршы метрі үшін ай сайынғы жалдау төлемі – коммуналдық шығыстарды, салықтар бойынша шығыстарды және мүлік бойынша бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен сақтандыру шығындарын қоспағанда – 1600 теңгеден, өңірлерде – 1300 теңгеден басталады. Жалгер пәтерді сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын жайды жалгердің меншігіне тапсырады.
       Бұдан арғы жылдары пәтердің 1 шаршы метрінің құны құрылыстағы бағаның өзгеруіне сәйкес түзетілетін болады. Айта кету керек, бүгінде тартымды жер учаскелері мен жобалары бар инвесторлардың бір бөлігі белгіленген лимиттер шегінде баспана салуға дайын емес. Себебі жобаның қымбаттап кету қаупі бар. Құрылыс салушылардың мұндай тәуекелге баруы қиын.
       Сондықтан компаниямыздың негізгі мақсаты – мемлекеттік бағдарламаны Үкіметтің қаулысымен бекітілген шарттар мен лимиттер шегінде іске асыру. Бұл ретте баспана құнының деңгейі немесе сатып алу құқығымен жалдау бағасы нарықтағы бағадан төмен болуы тиіс. Бұл біздің салған үйлерімізді коммерциялық нарықта басқаларға қарағанда қолжетімді етеді.
Жылжымайтын мүлік қоры салған тұрғын үйлердің бағасы және сатып алу құқығымен жалдау кезінде ай сайынғы жалдау төлемі келешекте нарықтағы көрсеткіштерден төмен болады деп болжай аламыз.
       Қазіргі уақытта «Элитстрой Проект» ЖШС, «Окси Билд» ЖШС, «Таразспецтехбаза» ЖШС, «KAONTECH International» ЖШС, «ARMADA Stroy» ЖШС сияқты құрылыс компанияларымен шарт жасалған.
       Жылжымайтын мүлік қорының қолжетімді бағдарла-масына баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақ-сартқысы келетін адамдар қатыса алады. Бұл ретте жеке тұлға үй алу құқығын бір реттен артық пайдаланбауы тиіс.
       Қазіргі уақытта пәтерлерді жергілікті атқарушы органдардың көмегімен беру тетігі қарастырылып жатыр. Осылайша, Жылжымайтын мүлік қорынан баспана алғысы келетін және төлем қабілеті жеткілікті адамдар болған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алушылардың әкімдіктердегі кезегін біршама азайтуға болады. Осыған байланысты үміткерлерді іріктеуді алдымен әкімдіктер жүргізеді. Ал қалған пәтерлер Интернет арқылы өтінім қабылдау арқылы өткізіледі деп жоспарлануда.
       Біз өтінімдерді қабылдаудың Интернет арқылы жүргізілетін жаңа тәсілін ұсынып отырмыз. Түсіндіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп жатырмыз. Қалаған адам бүгіннің өзінде біз ұсынып отырған тәсілмен таныса алады. Ол үшін біздің сайтқа немесе www.fnsk2020.kz сайтына кіріп, өтінімдерді қабылдаудың тестілік үлгісімен танысып, тестілік режимде өтінім беруіне болады.
2014 жылға арналған жоспар бойынша 202 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі, соның ішінде 134 мың шаршы метр жалдамалы баспана – бұл жалпы 3000-нан астам пәтер.
Жылжымайтын мүлік қоры осыдан кейінгі жылдары жыл сайын 150 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беріп отырады.
       Биыл өңірлерде құрылыс салуға басымдық беріледі. Қарағанды, Ақтау, Қызылорда, Өскемен және Шымкент қалаларында тұрғын үй құрылысы нысандарын салу бойынша шарт жасасуды жоспарлап отыр. Жылжымайтын мүлік қорының тетіктері көмегімен салынатын осы қалалардағы нысандардағы пәтерлердің жалпы ауданы шамамен 130 мың ш.м. Үйлер 2015-2016 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Әңгімелескен ГҮЛШАТ ХАМИТ
Яндекс.Метрика