ВОДОПЬЯНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Ол қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты.

Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бір жыл алдын өртке оранған үйдегі 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады. Тұрғындардың баспана мәселесін шешу мақсатында өрт болған үйдің орнына «Шымкент ӘКК» АҚ арқылы жоба құны 550,1 млн. теңгеге жаңа 5 қабатты 85 пәтерлі тұрғын үй тұрғызылды. Жұмысты мердігер «ОтауСтрой» ЖШС-і атқарды.

Партияның бірінші орынбасары аталған көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерін аралап, тұрғындармен тілдесті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика