ШЫМҚАЛАДА ЖЕЛКІЛДЕЙ ЖАЙҚАЛҒАН ТҰҚЫМБАҚ БАР

Шымкентте қаланы жасыл желекке бөлеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, Шымкентте 976 гектар жасыл алқапты орман өртінен қорғау мақсатында 300 шақырымдық минералды жолақ жүргізілген.

Сондай-ақ, 250 гектар жерге орман-патологиялық тексеру жүргізілді. Мұнан бөлек, 60 гектар жасыл алқапта ағаш бұталып, кесілген бұта-шырпылар қала сыртына шығарылған. Тағы 20 гектар жасыл алқапты суару үшін арық-атыздар тартылып, 25 гектар жерде көшеттер арасы қопсытылып, арам шөптен тазартылған. Оған қоса, 396 гектар жер учаскесі жыртылып, ағаш егуге жер дайындалды.

Сонымен қатар, «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мекемесіне қарасты орман тұқымбағында егілген ағаш-көшеттері күтіп бапталуда. Тұқымбақта бүгінгі күнге дейін 0,3 гектар жерге 500 келі емен тұқымы, 0,5 га жерге 80 келі қарағаш тұқымы себілген. Мұнан бөлек, жас өскінді көшеттер дайындығы үшін өрік, шабдалы, шие, алма және алмұрт, алқоры, бадам, тау пістесі, сумах, катальпа, гледичия және бозарша тұқымдары жиналған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика