ҚАЛАДА 800 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеттері отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшетті сенбіліктер аясында егіледі.

Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, 159 700 дана лигуструм егілген.

Қаладағы мұндай жасыл желектер отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» мердігер компаниясы атқаруда.Одан өзге, орталық 131 көшеге және Бадам өзені жағалауы, Мәделі көшесі, Темірлан тас жолы бойындағы гүлзарларда 66,2 гектар газон орындарына, 290 мың данадан аса ағаш көшеттеріне күтіп ұстау жұмыстары жүргізілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика