«АРҒЫМАҚҚА» ТАБИҒИ ГАЗ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ЖЕТЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы «Арғымақ» тұрғын алабын аралап, ондағы инфрақұрылым мәселелерімен танысты. 54 гектар аумақты алып жатқан тұрғын алапта 47 үй қоныстанған.

Ондағы тұрғындарға аптасына екі рет тасымалды ауыз су жеткізіліп тұрады. Бүгінде сапалы ауыз сумен қамту бойынша мердігер мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Ал, электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер есебінен 29 бағана орнатылған. Қазіргі таңда 47 үй жарық желісіне қосылған. Мемлекеттік электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ дайындалу үстінде.

Одан өзге, алап тұрғындары табиғи газға келер жылы қосылатын болды. Сонымен қатар, мұнда былтыр 1,8 шақырымға, биыл 1,2 шақырым жолға шағал тас төселген. Қалған 3,3 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Мәселемен қаныққан қала әкімі «Арғымақ» тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша дайындалып жатқан сметалық құжаттарды жыл соңына дейін аяқтауды және инфрақұрылым жүйесінің сапалы орындалуын тыпсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика