КҮЗГІ ТҰҚЫМ СЕБУ ЖҰМЫСТАРЫ ДЕНДРОСАЯБАҚТА ДА БАСТАЛДЫ

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында тұрақты санитарлық-тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Сондай-ақ, тұқымбақ аумағында күзгі тұқым себу жұмыстары да атқарылуда.

Саябақтың ғылым, мониторинг және молайту бөлімінің мамандары жиналған тұқымдарды тазалау жұмыстарын орындады. Бүгінде 1,5 га тұқымбақ аумағына 80 кг каштан, 85 кг кәдімгі емен, 15 кг моңғол емені тұқымы егілді. Қазіргі таңда 1,5 кг қара жаңғақ тұқымы егілуде.

Таяуда дендрологиялық саябақта басты қақпаның алдында суғару жұмыстары орындалды. Ал, Қошқар ата учаскесінде санитарлық-тазалық жұмыстарынан бөлек, жеңіл конструкциялы қойма құрылысы жүргізілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика