АБАЙ АУДАНЫНДА 200-ДЕН АСА АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛҒАН

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында көп қабатты 222 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Бұхарбай Парманов баяндады.

Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. Бүгінгі таңға дейін 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынған. Ал бұл жылы 107 аулаға ойын алаңшаларын орнатуға, 6 спорт алаңшасын салуға, 24 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінген.

Одан өзге, алдағы уақытта 36 көпқабатты тұрғын үй ауласы абаттандырылып, жаңадан 42 спорт алаңшасы салынады. Сондай-ақ, тозығы жеткен 18 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика