2024-09-20

БАС ЖОСПАР ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ӘЗІРЛЕУГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі халықаралық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілерден өтінім қабылдау басталды. Басты мақсат — Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасының қала құрылысы, сәулет шешімдері мен идеяларын қалыптастыру.

Конкурсты өткізу мерзімі — 20 мамыр мен 22 шілде аралығында.Байқауға ұсынылған жобалар көрмесі 29 шілде мен 7 тамыз аралығында Шымкент қаласында өтеді.

Ұйымдастыру бойынша сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуге болады: Шымкент қаласы, Пазылбеков көшесі №11, №7 кабинет, тел. +7 (7252) 53-64-95, e-mail: architectura.shymkent@mail.ru

Материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Пазылбеков көшесі №11.Байқау жобаларын қабылдау, техникалық мәселелер бойынша сұрақтарға +7 (7252) 53-64-95 байланыс нөмері арқылы жауап алуға болады.

Конкурс шарттарымен Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтынан немесе мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.facebook.com/groups/ShymkentBiz/permalink/2473107302980995

«Шымкент келбеті«

Яндекс.Метрика