
Шымкенттегі “Көрме” орталығында Ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Оған шаһар басшысы М. Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау орган басшылары мен қызметкерлері, сот, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қатысты.


Аттай 13 жылдан соң, дәл биыл Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болған айтулы датаны барша халық қуана тойлауда.
Сын сағаттарда сүрінбей, еңсесін тік ұстай білген еліміздің жеңісті сәттерінен сөз саптаған шаһар басшысы Ұлттық мереке – Республика күніне Шымкент қаласының да зор жетістіктермен жеткенін қысқа-нұсқа баяндап берді.
— Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Үшінші мегаполиске соңғы 5 жылда 1,8 триллион теңге, ал биылғы жылдың 9 айында 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 530 миллиардқа жеткізуді жоспарлаудамыз, ол үшін нақты қадамдар жасалған-деді М.Әйтенов.
М. Дүйсенбекұлының айтуынша, қала экономикасы қарқынды дамып жатқан соң, соңғы 3-4 жылда инфрақұрылым мәселесі де шешімін тауып келеді.

Инженерлік инфрақұрылым мәселесінің бір бөлігі 2023 жылы, ал 2025 жылы барлығы толық шешіледі.
“Осы және бұдан басқа да айтуға тұрарлық жетістіктеріміз бар. Бірақ бізге мұнымен тоқмейілсуге болмайды”-деген қала басшысы Шым шаһардың дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтардың бірпарасын сахна төрінде марапаттап, құттықтады.
