ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ШЫМКЕНТ 2020 – ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты ағайын!

Құрметті шымкенттіктер!

Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік.

Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, рухани құндылықтары сабақтас халықтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жол ашты.

Шымкент жұртшылығы мен өнерпаздары осындай мәртебелі міндетті абыроймен атқарып шықты.

Карантин талаптарына сәйкес белгіленген жоспардағы онлайн форматындағы шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.

Бүгін «Мәдени астана» мәртебесін Тәжікстанның Душанбе қаласына табыстағалы отырмыз.

Елдеріміз арасындағы мәдениет керуені толастамасын!

Достығымыз бен сыйластығымыз арта берсін!

Баршаңызға амандық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін!

Қ. К. Тоқаев

ҚР Президенті

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика