«I-komek» коммуналдық мәселелерді шешуге көмектеседі

Егер де коммуналдық мәселелер бойынша шешілмей жүрген сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік желіге жазып шағымданудың қажеті жоқ. Себебі, бұл мәселені уақытылы шешу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан ашылған I-komek орталығы жұмыс істейді.

Үйдегі жарығыңыз аяқ астынан сөнсе, ойламаған жерден суыңыз тоқтап қалса, аула алдындағы қоқыстар шашылса 109- номеріне хабарласыңыз. I-komek орталығындағы операторлар мәселеңізді тез арада шешуге ықпал етеді. Барлық қызмет көрсету секторларында кеңестер беріп, тұрғындарға өз мәселелерін шешуге барынша жағдай жасап отыр. Ондағы 24 оператор өтініштерді барлық байланыс арналары бойынша тынымсыз және үздіксіз қабылдайтынын естеріңізден шығармаңыздар! 109 call-орталығы — Instagram, Facebook әлеуметтік желілері, Whatsapp мессенджері арқылы өтініштерді қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, 109 қызметі тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Қаладағы барлық мәселелерге зейін салып, қадағалап Шымкент тұрғындарының барлық сұрақтарына жедел жауап беруге әзір екенін хабарлаймыз! WhatsApp: 87777109109.

Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбук парақшасы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика