2024-09-20

ГАЗ ЖАБДЫҚТАРЫН ТЕК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҰЙЫМНАН АЛЫҢЫЗ

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері аудан әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғындарға өрттің алдын алу шараларын түсіндірді. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше Жағдайлар департаменті хабарлады.

Тиісті мамандар азаматтарға өрт пен жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, тұрғындарға газ баллондары мен жабдықтарын тек мамандандырылған ұйымдардан сатып алуға, газ аспаптарын орнату, қосу, тексеру және жөндеу жұмыстарымен тек білікті мамандар ғана айналысуға тиіс екендігін айтты.

Сонымен қатар газды тұтыну ережелері мен төтенше жағдай кезінде қандай әрекеттер жасалуы тиіс екенін де түсіндірді. Мәселен, газ шығып тұрған бөлмеде ауа температурасының жоғарылауына әкелетін кез келген әрекеттен аулақ болуы керек.

Сондай-ақ электр ажыратқыштарға қол тигізу ұшқынының пайда болуына себеп екені де ескертілді.

Айта кетейік, ТЖ департаменті қызметкерлері азаматтарға, төтенше жағдай орын алғанда апаттық газ қызметін шақыруға, дереу өрт сөндіру және құтқару қызметіне «101» нөміріне немесе «112» бірыңғай нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығы

Яндекс.Метрика