2024-07-27

КО ТР 014/2011 «АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

КО ТР 014/2011 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті

Бұл техникалық регламенттің қолданылу саласы автомобиль жолдарын жобалау, құрылысын салу, қайта салу, күрделі жөндеу мен пайдалану кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында болып табылады.

Бұл техникалық регламенттегі жазылған қауіпсіздік төмендегі жағдайларда қолданылады:

— азаматтардың өмірін және денсаулығын, мүлкін қорғау;

— қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;

— тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдарды болдырмау;

— энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету.

Сонымен қатар осы техникалық регламент  автомобиль жолдарын жобалау, құрылысын салу, қайта салу, күрделі жөндеу мен пайдалану процесіне қойылатын қажетті талаптарды қамтиды және де осы талаптарға сәйкес бағалау нысаны мен тәртібін белгілейді.

Автомобиль жолдары мен ондағы ғимараттарды пайдалану кезінде мынадай бірнеше қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сақтау керек:

а)жобалау, қазу, құрылысын салу, қайта салу, жөндеу мен пайдалану кезінде қауіпті табиғи, техногенді факторлар әсерінен көлік қызметін тұтынушылар мен автомобиль жолын қорғау бойынша инженерлік жобаларды қолдану керек;

ә)жарылыс қауіпі бар, өрт қауіпті бар және басқа да өндірістік объектілер кезінде тыйым салынған аймақтар мен аудандардан жобаланатын автомобиль жолымен қатар орналасқан объектілердің қорғалған аймақтарына дейінгі төменгі аралықта қауіпсіздікті сақтау.

б)Қоршаған ортаның ластануын, оның ішінде автомобильдер кептелісте еріксіз тұрып қалуынан парникті газдар шығарындысын азайту;

в)көлікті пайдалану кезінде, табиғи-климаттақ жағдайлар да, төтенше және оның өмірлік циклі ішінде, басқа да факторлар әсерінен автомобиль жолын, ондағы жол ғимараттарының сақталуын қамтамасыз ету;

г)автомобиль жолдары мен ондағы жол ғимраттарының барлық қызмет ету мерзімі ішінде жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары, көлік, табиғи және басқа факторлардың әсеріне төзімді болуға тиіс.

Қорғаныш ескертпесі кезінде мына жағдайлар қорғау бабын қолдану үшін негіз бола алады:

-осы техникалық регламенттің талаптарын орындамау;

-егер осы стандарттар қолданылған болса,осы техникалық регламентпен өзара байланысқан стандарттарды дұрыс қолданбау.

Башаев Бахытжан Ғаниұлы,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

 

Яндекс.Метрика