2024-07-27

Қазақстан құрамасының 50 пайызы оңтүстіктен

tories/01/01.jpg» width=»308″ height=»204″ />Өңірдің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған баспасөз турының бұл жолғы бағыты Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы болды. Жолбасы басқарма бастығы Полат Қырықбаев.

Алғашқы нысан елімізде баламасы жоқ «Абай» саябағы аумағында орналасқан «Халықаралық теннис орталығы» мен спорт патшайымы саналатын жеңіл атлетика спорт кешені. Көзімізбен көріп, куә болдық екі нысанда халықтың игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Спортты серік еткен азаматтардың дені жастар болып шықты.

Мұнан кейінгі бағыт жаңадан ашылған «Орталық су спорт» кешені. «Орталық су спорт» кешенінің басшысы Бауыржан Бөріқұлов мұндағы қызмет спорт саңлақтарынан өзге қала тұрғындары үшін ақылы екенін айтады.

— Бағасы да қолжетімді . Мысалы, бір айлық жас жеткіншектер үшін бар жоғы 3000 теңге болатын болса, үлкендер үшін 5000 теңге шамасында. Қазіргі таңда 870 тарта  қала тұрғындары ақылы қызметті пайдаланып отыр . Заманауи талапқа жауап беретін мұндай орталық бұған дейін облысымызда болмаған.

Басқарма басшысы спортпен айналысам деген азаматтарға әлі де спорт орталықтарының жетіспейтіндігі туралы да тілге тиек етті:

       — Өздеріңіз жақсы білесіздер өңірімізде көптеген спорт орталықтары 20-30 жылдай ешқандай жөндеу жұмыстарын көрмеген. Бүгінгі таңда облыс бюджетінен тиісті қаражат бөлініп бірнеше спорт орталықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп қатарға қосылды. Бұрын елді мекендерде мешіт салынатын болса, қазіргі таңда қай елді мекенді алып қарамаңыз спорт орталықтары көптеп ашылып отыр. Мұның себебін халықтың спортқа деген оң көзқарасынан іздеген жөн.

      — Қазір облысымызда 390 мың азаматтар салауатты өмір салтын ұстауға бейімделген. Яғни, бұлар спортпен тұрақты түрде айналысатын азаматтар деген сөз. Бірақ, бұл 3 млн тұрғыны бар оңтүстік үшін аз, әрине. Сондықтан да ағымдағы жылы Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік мекемесінің спорттық оқу-жаттығу базасы, әкімшілік кеңсесінің құрылысы , «Цементник» стадионында футбол базасы мен орталық стадион аумағында садақ ататын орынның құрылысы аяқталып қолданысқа берілетін болады. Облыстық футбол мектебіне қарасты «Локомотив» стадионына облыс қазынасынан 100 млн қаражат бөлініп отырса, облыстық атшабардың күрделі жөндеу жұмыстарына тағы да облыстық қазынадан 50 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр- дейді Полат Қырықбаев.

Мақтанышпен айтқанды жөн санадық. Бүгінде оңтүстіктен 16-ы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 123 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 905 спорт шеберіне үміткер шығып отыр екен.

Сөз соңында Полат Қырықбаев мырза жерлестеріміздің Лондон олимпиадасынан құралақан оралу себептеріне де тоқтала кетті.

— Олимпиадаға лицензия алу да үлкен еңбекпен келетінін ұмытпауымыз керек. Мысалы, Ақтөбе облысы бірде- бір лицензия ала алмады,бұл жолы. Біз алдық. Нәтиженің көңіл қуантпауы мойындауымыз керек 2006-2007 жылдары біршама  кемшіліктер жіберіп алдық. Алдағы уақытта ешқандай кемшіліктерге жол берілмейді. Қадап айтты, біз кемшілікті мойындаудың өзі жеңіске пара-пар дестік. Әзірге облыс спортшылары  Қазақстан құрамасының 50 пайызын құрайтынын місе тұта тұрамыздағы.

Нұрлан ӘЛІМБАЕВ,

 «Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика