ҚАЛА КӨРКЕМДІГІ МЕН ТАЗАЛЫҒЫН, ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің қолдауымен «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің ғимаратында «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл жөнінде аталған департаменттің фейсбук парақшасы мәлімет таратты.

Дөңгелек үстелге «Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының» төрағасы Маликова Лаура, «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің «Жас зерттеуші» ұйымының жетекшісі-Рыстигулова Жанар Ботабайқызы, Қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жеке кәсіпкерлер Голярко Владислав Михайлович, Тутеев Сәкен Абдуалиұлы, Эко-блоггер, эко-белсенді Құнанбаева Айсұлу Искандеровна, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Сәтенов Берік Тұрсынұлы қатысты.

Іс-шара барысында экология Департаменті қаламыздағы негізгі экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары, қандай іс-шаралар қабылданып жатқаны жөнінде қысқаша ақпарат берді. Қауымдастық пен эко-белсенділер тарапынан Шымкент қаласының экологиялық проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар тыңдалды. Жеке кәсіпкерлер қалдықтарды кәдеге жаратуды шешу жолдары тәжірибесімен бөлісті.

Сөз соңында экология департаментінің мамандары қала жұртшылығын қоршаған ортаны аялап ұстауға жәнеде экологиялық маңызды іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика