М.АЙМАНБЕТОВ: «ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДЕН САЛУ КЕРЕК»

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов аудан әкімдері мен өзі жетекшілік ететін басқарма басшыларымен кездесіп, қаладағы инженерлік желілерді күшейтуге тапсырма берді.

Жиында қаладағы тұрғын алабтар мен шағын аудандардағы әлеуметтік нысандарды талапқа сай етіп салынуы жөнінде кеңінен талқыланды.

— Әлеуметтік нысандарды орталық көшелерден салу керек. Көбіне кәсіпкерлер мектеп салуға жер сұрайды. Мұндай жағдайда аудан әкімдіктері міндетті түрде инфрақұрылымға жауапты сала басшыларымен келісіп, әлеуметтік нысан құрылысына жер бөлгенде магистралды көшелерден беру керек,-деді Мәулен Зарлықұлұлы.

Әкім орынбасарының сөзінше әлеуметтік нысандардың орталық көшелерде орналасуы тұрғындарға ыңғайлы. Осы орайда халықтың қауіпсіздігі үшін сапа мен талапты күшейту керек.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу мәселесін шешу мақсатында сала мамандарымен жұмыс комиссиясын құруды және тұрғындарды газбен қамту шарасын күшейтуді тапсырды. 

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика