ҚАЛАҒА КӨРІК БЕРГЕН, КӨЛІКТЕР КЕЛІП КІРГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент қаласында «BI CROUP» компаниясы «Тамерлан» деп аталатын тұрғын үй кешенін пайдалануға берген болатын. Ол жерде өзіндік артықшылықтары бар секілді.

Нақтысын мамандар айтып берді. Біздің бір байқағанымыз, бұл жерде көлігіңіз қауіпсіз болады екен. Басқа жерлерде көліктің дөңгелегін, айнасын басқа да қажетті заттарын ұрлап кететіндер болады. Ал, жан-жағынан бейне бақылау камералары әрбір сәтті мүлт жібермей бақылап тұратын екі қабатты көлік тұрағында олай жасау мүмкін емес.

Демек, «BI CROUP» компаниясы салған бұл көп қабатты үйлердің жертөлесінен көлігіңізге орын бұйырса, онда ол сіздің көлігіңіздің кепілдігі деп түсініңіз.

Тағы бір ерекшелігі, велосипедіңізді де пәтеріңіздің бұрышына, кіре беріске шынжырмен бекітіп жүрмейсіз. Оған да арналған орын бар.

Бір сөзбен айтқанда пәтер иелеріне бар жағдай жасалған.

Ұ. Үмбет

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика