ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында айтып өтті.

Бір ғана мемлекеттік ұйымдардың күшімен вирусты еңсеруге болмайтынын айтқан әкім қоғам болып, қарапайым санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет екенін айтты.

«Қалада инфекцияның таралуын тоқтату Сіздер мен Бізге тікелей байланысты! Елімізде төтенше жағдай тоқтатылғаны карантиндік шектеулер алынады деген сөз емес. Соңғы күндері тұрғындардың карантинге салғырт қарауынан вирустың таралуы күрт артты. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған  азаматтар саны 606-ға жеткен. Оның ішінде 218 науқас емделіп шықса, 6 адам өкінішке қарай, қайтыс болды. Қалада 18-24 мамыр аралығында күніне орташа 31-50 адамнан тіркелді. Ал, өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады, тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады»,-деді М.Әйтенов.

Оның айтуынша, Covid-19 вирусы анықталған азаматтардың 22-сі  сырттан келгендер болса, 359-ы науқастармен қатынаста болғандар, ал 225-і жергілікті жерден шыққан. Қалада барлығы 260 карантиндік ошақ тіркелсе, бүгінгі күнге оның 132–сі бақылауда.

Соңғы күндердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулерді жеңілдету уақытша тоқтатылғанын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп, 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Тексеру қорытындысы бойынша 127 әкімшілік шара көрілген. Айта кетейік, бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 18 мамырда шектеулер алынуы жоспарланған, қоғамдық тамақтандыру орындары, діни нысандар, бала бақшалар, фитнес орталықтар, білім үйірмелері ашылмады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика