ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРҒА АРНАЛҒАН ГОСПИТАЛЬ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еліміздің үшінші мегаполисінде осы жылдың 1-ші маусымында жұқпалы ауруларға арналған 200 орындық госпиталь пайдалануға беріледі. Бұл туралы инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған қала әкімі М.Әйтенов мәлімдеді.

«Шымкентте қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд. теңге қаржы бағытталған. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн. теңге бөлінді. Одан бөлек, 5,8 млрд. теңгеге қалада жаңадан 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында пайдалануға береміз»,-деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, қауіптілігі жоғары ұйымдарда қызмет ететін медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау шаралары да жүргізілуде.

  Мәселен, 1, 2, 3-ші тәуекел топтағы 2 764 медицина қызметкерлеріне наурыз-сәуір айларында 799 млн. теңге жалақыларына үстеме ақы төленді. Одан бөлек, демеушілердің есебінен 752 қызметкерге 42 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілген.

Ал, науқастармен жақын байланыста болған медицина қызметкерлерін оқшаулау мақсатында тегін 6 қонақ үй және жұмысына тасымалдауға 120 автобус ұйымдастырылды. 

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика