КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА БЮДЖЕТТЕН 19,4 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2020 жылғы бюджеттен 19,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. Бұл жөнінде қала әкімінің қатысуымен өткен брифинг барысында мәлім болды.

Аталған қаржының 4,2 млрд теңгесі  ауылшаруашылық субсидияларына және 5,2 млрд теңгесі пайыздық мөлшерлемелерді ішінара субсидиялауға, ал 823 млн теңге кредиттерді ішінара кепілдендіруге бағытталып отыр. Сонымен қатар, инновациялық жобаларға грант беруге 205 млн теңге, жеңілдетілген несие бөлуге 816 млн.теңге, кәсіпкерлік қызметті қолдауға 40 млн теңгебөлініп отыр.

Қала аумағында індетке қарсы шаралармен қатар, әлеуметтік — экономикалық жағдай да бақылауда болғанын айтқан қала әкімі экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілгенін мәлім етті.

«Жоспарда бағаны тұрақтандыру, жергілікті тауар өндірушілерді қорғау, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша 29 іс-шара қарастырылды. Сонымен бірге, Президенттің тапсырмасымен шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді, 3 жылға тексеруден босатылды.  Жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды»,-деді М.Әйтенов.

Фото atameken.kz

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика