Тұрғын үй кезегіне қалай тіркеледі?

Қала тұрғындары арасында қай санаттағы азаматтардың тұрғын үй кезегіне тұруға болатыны жөнінде, қайда барып өтініш беретіні жайлы, кезектің қалай жылжитіні туралы сұрақтар көп. Осы сауалдарға Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Ордабекова жауап беріп, онлайн сұқбат берді.

 Оның айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 39259 азамат тіркелсе, ол тізімге тіркелу үшін 6 категория бойынша электронды нұсқада бірыңғай сервистік бағдарламамен жүргізіледі екен. Азаматтар кезекке тіркелу үшін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметімен мүмкіндіктер қарастырылған.

Тұрғын үй кезегінің тізіміне тіркелу үшін негізгі 3 талап болса, оның бастысы Шымкент қаласында кемінде 3 жыл тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуде болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы және белгіленген санаттарға енуі қажет. Белгіленген санаттарға «Ұлы Отан соғысының» ардагері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, мемлекеттік, бюджеттік ұйым және әскери қызметкерлер, сондай-ақ, жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтар жатады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика