2024-07-27

«Бізді біріктіруші күш-мемлекеттік тіл»

tories/dsc08916.jpg» width=»172″ height=»119″ />Қаламыздағы Абай атындағы  орталық кітапхана – «22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне» орай «Бізді біріктіруші күш- мемлекеттік тіл» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Аталмыш әдеби кештің қонақтары ақын Сәрсен Бек Сахабат, Кендебай Ахат, қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның өкілі Қуанышбек Еркінбеков, Мұратбек Ибрагимов, Нұржан Әшірбеков қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және өнерді насихаттау орталығының директоры Нурила Жұманова болды.

            Алғаш болып сөз алған нәзіртанушы, ақын Сәрсен Бек Сахабат өз сөзінде ең алдымен тәрбие отбасынан басталатынын, әркім өз ана тілін шексіз сүйіп ерекше құрметпен қараса болашақтың бұлыңғыр болмайтынын айтып, көпшілік қауымды мерекелерімен құттықтады. Кітапхананың қызметкері Айдана Дәулетова «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты баяндамасын ұсынды. Ақын Кендебай Ахат залға жиналған қауымды Тіл мерекесімен құттықтаса, Халықтар Достығы Университетінің студенттері, №52
мектептің оқушылары және Политехникалық колледждің студенттері – Ана тілі әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көрінетін қазынасы, асыл мұрасы аясында бірқатар шығармаларын орындады. «ШымЖасА» шығармашыл жастар клубының белсенді мүшесі, жас ақын Әлімжан Әлішер ұлт жанашыры Мұхтар Шахановқа арнауын орындап, көпшілік қауымға « Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге, бесік жыры арқылы сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды. Тіл – ата-бабамыздың аманаты»,- деген ойды білдірді. Осы клубтың мүшесі әрі ақын, әрі сықақшы Рысалды Атығаев «Дөңгеленген дүние» әзіл-сықақ көрінісін орындап, қонақтарға күлкі сыйлады.

            Кеш соңында Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Перизат Бекмырзақызы көпшілікті ана тілімізді барынша қастерлеуге шақырды. Әдеби кешке қатысушыларға
шығармашылық табыс тілеп, алғыс хаттар тапсырды.

           Ж. Қылышбаева

{jcomments on}

Яндекс.Метрика