«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БЫЛТЫР БАР БОЛҒАНЫ 21 АДАМҒА ҒАНА КӨМЕК БЕРСЕК, БИЫЛ 101 АЗАМАТҚА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІК

Президентіміздің биылғы 1-қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы жалпы 11 бағыттан тұратын болса, соның 4-шы бағыты әлеуметтік салаға арналған болатын. Өздеріңізге белгілі, әлеуметтік сала дегенде, бірінші кезекте осы баспанаға байланысты деп есептейміз.

Осыған байланысты, басқармада Жолдауда айтылған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Мысалы, мемлекеттік несие бағдарламаларының жаңа түрлерін, «5-10-20» және «Шаңырақ»  бағдарламаларының іске асырылуы бойынша басқарма тарапынан біршама тиісті шаруалар атқарылып жатыр. Бұл тұрғыда «Тұрғын үй жинақ» банкісімен бірге бірлесіп атқаратын тірлік көп. Қазір ол банкке тізімдерімізді нақтылап, ұсындық.

Сондай-ақ, бүгінде «Отбасы» банкін құру мәселесі қаралып жатыр, алдын бұл тақырыпты бір пысықтап алғанбыз. Сонымен қатар, қазіргі таңда тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы қорында жинақталған қаржыны алғашқы жарна есебінде құю мүмкіндігі қаралу үстінде. Бұл бойынша басқарма тарапынан тиісті тапсырмаларды атқарып келеміз.

Нақтырақ айтар болсақ, мысалы, жоғарыда аталған бағдарламалар саны ұлғайып жатыр. Немесе, былтырғы жылы әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында бар болғаны 21 адамға ғана көмек берген болсақ, биыл 101 азаматқа қолдау көрсеттік. Бұл деген сөз – үй алу кезіндегі алғашқы жарнаның қайтарымсыз шартпен 1 миллион теңгеге дейін мемлекет тарапынан көмек берілуі.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика