2024-09-20

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 1, 2, 3 ҚАБАТТАРЫ МҮГЕДЕКТІК САНАТТАРЫ БАР АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕДІ

Біздің әлеуметтік топта тұрған, немесе кезекте тұрған азаматтар арендалық үй алатын кезде таңдау құқығы болуы мүмкін. Ол мемлекеттік жоспарлау саясатының арқасында. Қалай жоспарланады? Мысалы, Құрылыс басқармасынан бір үй жоспарланып салынса, сол тұрғын үйден ғана алуға құқығы бар.

Егер де, несиелік үйлерден алған жағдайда, «5-10-20», «7-20-25» секілді бағдарламалардың бірінен ала қалса, несие алушы үйді өзі таңдай алады. Ал, біздің басқармадан арендалық үйге кезекке тұрған азаматтар, яғни мұқтаж азаматтар мемлекет тұрғызып, ұсынған үйлерден ғана ала алады.

Бұл жерде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес ескере кететін нәрсе, тұрғын үйдің қабаттарға қарай ұсынылады. Ол заңның талаптары бойынша 1, 2, 3 қабаттар мүгедектік санаттары бар азаматтарға берілуге міндетті. Ал, қалған қабаттардағы пәтерлер өтінім берген адамдардың жас мөлшеріне қарай беріледі.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

Яндекс.Метрика