2024-09-20

БЮДЖЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛЫП САЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КЕЛЕР ЖЫЛДАРҒА ҚАРАСТЫРЫЛУДА

«Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінен депозит ашып, қаржы салсаңыз, конкурсқа қатыса аласыз? Бұл жердегі мәселе бойынша банктен барып білуіне болады. Егер, мемлекеттік бағдарламамен кезекте тұрған болса, «5-10-20» және «7-20-25» бағдарламаларымен мүмкіндігі бар. Ол үшін, тағы да айтамын, банкпен жұмыс істеуі керек.

Жоғарыда да айтып өттім, Шымкент қаласында дәл қазір 40 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Кезектегі кісілер санаттарға бөлінген. Соның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік әлсіз топтарға берілуде. Ал, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік және әскери қызметкерлер санатына келер болсақ, бұл кісілерге несиелік жеңілдіктер қаралған. Ол жеңілдіктер әлгіндей айтылғандай, «5-10-20», «7-20-25» бағдарламалары. Аталған бағдарламаларға өтінім тапсыру арқылы қатысып, пәтерлі болуыларына толық мүмкіндіктері бар.

Қала әкімінің берген тапсырмасына сәйкес, келесі жылы тұрғын үй салу бойынша нақты есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, бюджет саласы қызметкерлеріне арналып салынатын тұрғын үйлер жобасы қарастырылу үстінде.

Ғ.Ә.ТӨЛЕПОВ

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы

Яндекс.Метрика