2024-09-20

«ТҰРАНДА» 13 КӨШЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Үшінші мегаполистің «Тұран» деп аталатын шағын ауданында 13 көшенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбуктегі ресми парақшасы бөлісті.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Болатбеков аталған құрылыс нысандарын аралап, мердігер мекеменің атқарып жатқан жұмыстарын бақылады. Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Айта кетерлігі, Тұран шағын ауданындағы №1, 2, 6, 7, 8, 10 деп белгіленген көшелерінің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.

Ал, № 3, 4, 5, 9, 11, 12, 13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Басқарма басшысы Б.Болатбеков құрылыс сапасының жоғары болуын қадағалап, мердігер мекемеге нысанды уақытында аяқтауды тапсырды.

С.Дүйсебайұлы

Яндекс.Метрика