КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП, ЛИФТТЕРІ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 70 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінде аталған көп қабатты тұрғын үйлердің 39-ында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 тұрғын үйде жұмыстар әлі де жалғасуда. Ал, қалған 14 көп қабатты үй тұрғындардың өз есебінен жүргізіліп қойғандықтан жөндеу жұмыстарынан бас тартқан.

Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы тұрғын үйлердің лифттерін ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 6 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби алаңы №1А, Желтоқсан көшесі №32, Тәуке хан даңғылы, №32, Терешкова көшесі №50А және Темірлан тас жолы бойында орналасқан №1, 1А үй) 12 лифт қондырғысы ауыстырылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика