2024-07-27

ТӨРЛЕТ ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ!

tories/UReCjBj.jpg» width=»250″ height=»310″ alt=»UReCjBj» style=»float: right;» />

    Сынаптай сусыған күндер, зулаған айлар. Күні кеше ғана 2012 жылды шығарып салып, 2013 жылды қарсы алған едік. Жылжып жыл да аяқталуға таяп қалды. Жылан жылы жылыстап желісті Жылқыға кезек бермек. Ел есінде жылқы жылы болған ауыртпалық, қайғылы оқиғалар жоқ. Жылқы жылы туғандар бұл жылы жылқыны бауыздамайды деген ырым бар халықта. Әлқисса… Сонымен оқу ордамызға оралсақ. 
   Халықаралық қазақ-түрік университеті жыл символы Жылқыны бас ғимараттың алдына, қақ төрге жаңа жыл шыршасымен бірге орнатып қойды. Бұл осымен 6-шы жыл символының (жаңа жыл мерекесі қарсаңында) оқу ордамыздың төріне шығуы. Біз аталмыш жобаның авторларының жетекшісі «Дизайн және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қуандық Ералинмен тілдескен едік. 
– Бұл дәстүр 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Сол тұстағы университет ректоры Л.Тәшімовтың идеясымен жыл символының макетін жасап, орнатып қою дәстүрге айналды. Біздің кафедра оқытушылары Сиыр (2009), Барыс (2010), Қоян (2011), Ұлу (2012), Жылан (2103) секілді жыл иелерінің тұлғасын жасады. Биылғы Жылқы жылының тұлғасын жасаған авторлар, кафедра оқытушылары: Ермек Мәмбетаев, Мұхит Әбілдаев, Мұрат Шаханбаев. Жетекшісі өзім. Көп еңбектенген осы жігіттер, арасында магистранттар да қол ұшын берді. Бұл біршама шығармашылық ізденісті талап ететін жұмыс. Әуелі жоба сызбасын дайындап талқылаймыз. Тұлғаның (бейненің) қозғалыс, конструкцияларын қарастырып, шешімін таңдаймыз. Екінші кезекте материалдарын таңдау, іздеу, табу деген бар. Үшінші кезекте орындау. Жылқыны жасауға бүкіл ұжым кірісіп кеттік.

    Соның өзінде 4 күндей уақытымыз кетті» — дейді, Қуандық аға. 
    Ешбір оқу орындарында жоқ, оқу ордамыздың төл нышанына айналған жыл иесі Жылқының тұлғасына өткен-кеткеннің барлығы қызыға қарайды. Студент жастарымыз естелік суретке түсуде. Жаңа жыл құтты болсын достар! Төрлет Жылқы, құс қанатын талдырған қазақтың сайын даласына! 
Ә.ТӘШІМОВА,
Түркістан.

Яндекс.Метрика