ШЫМҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ ОРМАН БЕЛДЕУІ 21544 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Білісбеков фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында ақпарат бөлісті. Әкім орынбасарының мәліметінше, қаланы көгалдандыру және орман қорларын толықтыруға ерекше көңіл бөлінуде, жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары басты назарда.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-не бекітілген жер учаскелерінің жалпы аумағы 1483 гектарды құрайды. Оның 976 га жері – шайынды су қоймасының маңында орналасқан «Қайнар-бұлақ» учаскесі. Көктемде мұнда 97,5 мың дана көшет егіледі. Қазіргі таңда 260,0 мың дана ағаш өсіп тұрған аймақта қосымша қарағаш, шаған отырғызу жоспарлануда. Жайқалған табиғат өз кезегінде экологияны жақсартып қана қоймай, шаһарды желден қорғауға септігін тигізеді.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков орманды алқаптарды аралауы барысында тиісті басқарма басшыларына көшет отырғызу кезінде жергілікті халықтың жағдайын ескеріп, мал жайылымына да жер қалдыруды тапсырды. Осыған байланысты орман қорын баптайтын бағбандар жасыл аймаққа егілетін ағаштарды ықтырма (кулиса) әдісімен жүргізуді ұсынып отыр.

Қала әкімінің орынбасары «Ақтас» елді мекенінде орналасқан Түркістан облысының меншігіндегі орманды алқаптағы жасыл аймақтың да жай-күйімен танысты. Облыстық «Бадам» орман шаруашылығына қарасты 385 га жерді құрайтын аймақта бүгінде ағаш саны 300 мың даңадан асады. Жалпы Шымкент қаласының аймағында орналасқан Түркістан облысы меншігіндегі 3578 га жерде 1972,0 мың түп ағаш өсуде.

Қала әкімінің бекіткен қадамдық іс-шара жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін Шымкентте жасыл аймақты 21544 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Онда 6,5 млн. дана ағаш бұталар өсірілетін болады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика