БАЗАРҚАҚПА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Базарқақпа тұрғын алабына барды. Ондағы өзекті мәселе болып отырған кәріз жүйесінің жұмысымен танысты.

Базарқақпа тұрғын алабында орталық (магистралды) кәріз жүйесі Тельман, Далабазар көшелерінен өткен. Көршілес Шаңырақ шағын ауданындағы орталық кәріз жүйесі Айбота көшесінен өткен. Аталған кәріз жүйесі 2010 жылы бітеліп істен шыққан. 2017 жылы мердігер мекеме «ТКСК-Строй» ЖШС-і 3,3 шақырым кәріз жүйесіне құрылыс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 20 көпқабатты үй кәріз жүйесіне қосылған.

Алайда, тұрғын алапқа толықтай магистралды кәріз жүйесін орнатуды және ішкі кәріз жүйесін қосуды талап етеді. Себебі шайынды лас сулардың Сайрам су өзеніне ағымын тоқтатпаудан табиғатқа зиян келуде.

Жағдаймен таныс болған Мұрат Әйтенов орталық кәріз жүйесін қалалық энергетика және шаруашылық басқармасының теңгеріміне өткізіп, қайта құрылыс жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика