МАЯТАСТА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналына барды. Мұнда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізілмек.

«Бадам» каналындағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. Бұл қалалық орта үшін шуылы өте аз инновациялық суасты станциясы. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн. КВт.Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады.

Сонымен қатар, су электр станциясы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, Германияның DIVE технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа станция құрылысында 16 адам жұмыспен қамту көзделуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика